\"Бейнеу Жастар\" форумы

Объявление

Изображение с кодом 482540 - savepic.ru — сервис хранения изображений

Информация о пользователе

Привет, Гость! Войдите или зарегистрируйтесь.


Вы здесь » \"Бейнеу Жастар\" форумы » Әлем жаналыктары » Дагдарыстан шыгу кілті!!! (Бале болган кризис,блин)


Дагдарыстан шыгу кілті!!! (Бале болган кризис,блин)

Сообщений 1 страница 9 из 9

1

ДАҒДАРЫСТАН ШЫҒУ КІЛТІ
“Российская газета”, 2009 жылғы 2 ақпан.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,
Қазақстан Республикасының Президенті.
Бүгінде елдер мен континенттерді тітірентіп тұрған жаһандық әлемдік дағдарыс – бұл адамзат әлі біліп болмаған айрықша құбылыс. Ол әлем тарихында теңдесі жоқ және әлемдік тәртіпті, барлық экономикалық бастауларды түбегейлі өзгертетін құбылыстар санатына жататыны анық. Сондықтан да оны талдауға, ой-елегінен өткізуге және еңсеруге барлық ескі догмалар мен стереотиптерді қайта қарастыратын жаңаша көзқарас қажет.
Осыған байланысты айыптылар мен кінәлілерді іздеу қажетсіз іс. Қазір осындайлық қуатты әлемдік катаклизмді туындатқан жүйенің терең ақаулықтарын анықтауға, ең бастысы – оларды толық жою жолдарын іздестіруге жұмылу маңыздырақ. Бұл үшін біздің түбегейлі жаңа, әлемдік экономиканың, саясаттың және жаһандық қауіпсіздіктің басқаша құрылған моделін жасау шебінде тұрғанымызды мойындаудың батылдығы болуы керек.
Егер біз Ескі әлемнің жетілмеушілігін еңсерудің бірегей мүмкіндігін тиімді пайдаланып, Жаңа әлем құрудың шынайы ниетінде болсақ, басқаша жол жоқ. Бұл үшін бүкіл әлемдік қоғамдастықтың орасан зор күш-жігерін, интеллектуалдық және материалдық ресурстарды жұмылдыру және көп уақыт қажет болатыны түсінікті. Бізге түбегейлі жаңа қисынды құру және әзірге шартты түрде жаһандық (немесе ұлы) Транзит әлемі деп атауға болатын осы өткел бойынша ортақ жаңа “қозғалыс ережесін” әзірлеу қажет болады. Бірақ та алдымен осынау жаһандық дағдарыстың, оның бастауларының алғашқы себептерін белгілеп көрейік.
Терең әлемдік ақау
Еуразияның ұлы бір ойшылы бұдан бір жарым ғасыр бұрын былай деген екен: “Сыртқы күш дегеніміз – ішкі күштің туындысы”. Бұл ойды басқаша айтсақ, “Сыртқы дағдарыс дегеніміз – ішкі дағдарыстың туындысы” екенін әбден анық пайымдауға болады.
Сондықтан да қазіргі жаһандық дағдарыс – бұл мүлде қандай да бір табиғи апат емес және жағдайлардың кездейсоқ қиылысының нәтижесі емес, бәзбір терең ішкі ақаулықтың заңды сыртқы салдары.
Содан да біз оны нақты айқындап, белгілемейінше, дағдарыстың өзі бастау алған әлемдік валюта-қаржы жүйесін жөндеу жөніндегі біздің бүкіл күш-жігеріміз тек косметикалық сипатта ғана болады. Бұл жағдайда біз жоймаған ақау кейін де жиілей түсетін және салдары әлдеқайда ауыр болатын жаңа дағдарыстарды туындата береді.
Солай болып отыр, бүкіл біздің әлеміміз күтпеген ретте және байқаусызда жаһандық дағдарыс туннелінің “кіреберісінен” өтіп кеткен, ал одан “шығар есік” бүгінде ешкімге дерлік көрінбей тұр.
Бұл, бәлкім, біз бүгінгі әлемге, сол секілді болашақ Жаңа әлемге бұрынғыша ескі ойлау құралдарының оптикасы арқылы қарайтынымыздан орын алған болар. Бірақ та түбегейлі жаңаруды бастау үшін бізге бүкіл ойлау жүйемізді жаңарту керек. Тиісінше барлық ұғымдарды, категорияларды, теорияларды, кестелерді, ойлау тұжырымдарын және жаңа дүниенің деректері мен құбылыстарын белгілейтін терминдерді жаңарту керек.
Әлемдік дамудың негізіне не алынған? Оның дамуының ядросы мен моторы – бұл туындаған әлемдік байлық ретіндегі әлемдік капитал. Ал бұл капиталдың негізіне не алынған? Жауап – әлемдік валюта жүйесі. Ал әлемдік валюта жүйесінің негізіне не алынған? Оның не¬гізінде туындату және айналу тетіктері – заңдар, ресімдер, эмитенттер, арналар, пайдаланушылар және с.с. жатыр.
Жеті қарапайым сұрақ
Біздің ойлануымызды түбегейлі жаңартуды, мәселен, әлемдік валюта жүйесін сауықтырудың мәнін барынша айқын және түбегейлі түсіндіретін мына жеті қарапайым сұраққа адал жауап беруден бастауға болар еді.
1. Қазіргі де-факто бар әлемдік валюта заңды де-юре болып табыла ма?
Әлемдік валюта туралы әлемнің көптеген елдерінің басшылары қол қойған және әлемнің көптеген парламенттері бекіткен әлемдік заңның жоқ жағдайында заңдылықтың мұндай деңгейі туралы айтуға әзірге тура келмейтіні белгілі.
Қазіргі бар әлемдік валюта әлемдік заң тұрғысынан оның заңдылығы де-юре анықтала алатын әлемдік заң пайда болғанға дейін де-факто туындағандықтан, оны “заңға дейінгі” ретінде анықтаған дәлірек болар еді.
Сондықтан Жаңа әлемнің валютасы әлемнің көптеген елдерінің басшылары қол қойып, әлемнің көптеген парламенттері ратификациялайтын Әлемдік валюта туралы бүкіләлемдік заңның негізінде жүзеге асуы тиіс. Бұл ретте әлемдік валюта ретінде әлемнің кез келген мемлекетінің ұлттық валютасын пайдалану нәтижесіз болады. Бұл заң оның қағидаттық тұрғыда ұлттықтан жоғары мемлекетаралық мәртебесін және арнайы құрылған бүкіләлемдік Эмиссия орталығы оның эмиссиясы қағидаттарын нақты да бір мәнді анықтай алар еді. Мұндай жүйе адамзат тарихындағы алғашқы абсолюттік тұрғыда заңды және жария әлемдік валютаның негізі бола алар еді.
2. Әлемдік валюта эмитентінің қызмет ресімі шынайы демократиялық болып табыла ма?
Әлемнің бір де бір халқы әлемдік валюта эмитентінің шешімдерін қабылдауға да, қызметіне де қатыспайтыны айдан анық. Сондықтан да ескі әлемнің әлемдік валютасы эмитентінің қызмет ресімдері қай жағынан да немесе қай тұрғыдан да демократиялық болып табылмайды.
Осыған байланысты жаңа әлемдік валютаны пайдаланушылар – барлық негізгі субъектілер әлемдік валюта туралы заңға сәйкес оның эмиссиясын және қатаң демократиялық ресімдер бойынша әрекет ететін эмитенттерін басқарудың демократиялық органдарын құра алар еді.
3. Әлемдік валютаның сұранысы мен ұсынысының баланс тетігі бәсекеге қабілетті және еркін болып табыла ма?
Осынау рыноктың барлық қатысушыларының бәсекелі қызмет ережелерін белгілейтін және бақылайтын әлемдік институттар құрылғанға дейін әлемдік валютаның әлемдік рыногы бәсекелі бола алмайтыны және ондай деп мойындалмайтыны анық.
Ал енді осынау міндетті бәсекелестікті арнаулы қадағалау органы, мәселен, Бүкіләлемдік монополияға қарсы валюта комитеті қамтамасыз етіп, қатаң бақылай алар еді.
Әлемдік валютаның қазіргі бар рыногы оның мүмкін болатын барлық эмитенттеріне тең құқықты қамтамасыз ете алмайды.
Еркін рынокта қандай да бір сатушылар тобы үшін қандай да бір артықшылықтарға, сондай-ақ әлемдік валюта ретінде қызмет ететін валютаның сатып алу қабілеті мен тауар айырбастау қызметіне жария және жария емес шектеулерге үзілді-кесілді тыйым салынатыны белгілі. Мұндайдың байқалмайтыны және мұндай рынок еркін емес болып табылатыны айқын. Әлемдік валюта рыногы шартты түрде алғанда Бүкіләлемдік рынок еркіндігі комитетінің заңы бойынша бағамдала алар еді. Осынау абсолютті түрде еркін рынокта әлемдік валютаның кез келген эмитенттер немесе сатушылар тобы үшін кез келген артықшылықтарға үзілді-кесілді тыйым салынуы тиіс.
4. Әлемдік валюта рыногы өркениетті болып табыла ма?
Өркениетті рынокта ойын ережесі оған қатысушылардың барлығының (сатушылар мен сатып алушылардың) ешкімнің жеке мүддесіне нұқсан келтірмейтін ортақ шарты негізінде белгіленеді және сақталады. Әлемдік валюта рыногында мұнда ештеңе байқалмайтыны анық. Демек, бүгінде әлемдік валюта рыногы өркениетті болып табылмайды.
Жаңа әлемдік валюта рыногында ойын ережесі заң бойынша белгіленіп, оның барлық қатысушыларының (сатушылар мен сатып алушылардың) ортақ шарты негізінде сақталуы тиіс.
5. Әлемдік валютаның туындату жүйесі және эмиссиясы оның негізгі пайдаланушы субъектілерінің (елдердің, компаниялардың және азаматтардың) және тұтастай алғанда әлемдік қоғамдастықтың бақылауында болып табыла ма?
Жоқ, оны негізгі пайдаланушы субъектілердің қандай да бір топтары, тұтастай алғанда әлемдік қоғамдастық ешқандай бақыламайды.
Бұл тұрғыда әлемдік валютаның эмиссия жүйесі мүлдем бақылаусыз болып табылады. Жаңа әлемдік валютаның барлық негізгі субъектілерінде – пайдаланушыларында (елдерде, компаниялар мен азаматтарда) оның туындатылуын эмиссиясы мен айналымын аталған заңмен арнайы көзделген тұрақты әрекет ететін бақылаушы құралдарын жасауға құқығы болуы тиіс. Эмитенттің қызметі сондай-ақ биліктің барлық үш тармағының: заң шығарушы да, атқарушы да, сот та тармақтарының бақылау шегінде болуы тиіс.
6. Әлемдік валютаның туындатушы жүйесі және эмиссиясы оның негізгі пайдаланушы субъектілерінің (елдердің, компаниялар мен азаматтардың) және бүкіл әлемдік қоғамдастықтың алдында жауапты болып табыла ма?
Әлемдік валютаның эмитенттері оның негізгі пайдаланушы субъектілерінің алдында да, тұтастай әлемдік қоғамдастықтың алдында да ешқандай жауапты емес. Бұл тұрғыда әлемдік валюта эмитенттері мүлдем жауапсыз, мұның өзі жаһандық дағдарысты туғызды да.
Әлемдік валютаның барлық жария және заңды эмитенттері оның негізгі пайдаланушы субъектілерінің (елдердің, компаниялар мен азаматтардың) алдында және бүкіләлемдік қоғамдастықтың алдында өз әрекеттері (немесе әрекетсіздігі) үшін толық мәнінде жауапты болуы тиіс, оны заң бойынша іс жүзінде, мәселен, Бүкіләлемдік валюта арбитражы қамтамасыз ете алар еді.
7. Әлемдік валюта жүйесі тиімді де нәтижелі болып табыла ма, яғни оның жұмысының нәтижелері адамзатты және тұтастай әлемді дамыту мақсаттарына қаншалықты сай келеді?
Әлемдік валюта жүйесі жұмысының іс жүзіндегі нәтижелері өркендеу үстіндегі әлемдік капиталдың және тұрақты әлемдік дамудың (бірыңғай әлемдік валютаның да) болуының өзі бүгінде қатерлі болып отырған жағдайға жеткізді. Бұл оның толық тиімсіздігінің айқын дәлелі.
Жаңа әлемдік валюта эмитенттерінің іс-әрекеті әлем мен адамзатты дамытудың шешуші мақсаттары мен құндылықтарына әбден сай келуі тиіс. Жаңа әлемдік валюта жұмысының іс жүзіндегі нәтижесі де толық мәнінде тұрақты даму мен өркендеудің жоғары мақсаттары мен міндеттеріне сай келуі тиіс. Бұл қағидаттар заң бойынша жаңа әлемдік валютаның бүкіл жүйесінің негізіне де, сонымен бірге оның тиімділігін жүйелі өлшеу мен түзетудің жүйесіне де алынуы тиіс.
Осынау жеті қарапайым сұраққа адал жауаптар жаңа ғасырдың сынақтарына қазіргі бар әлемдік валютаның барабарлығы туралы мәселені таза риторикалық тұрғыға салады.
Өткен ғасырдың ортасынан бастап біздің әлем түбегейлі өзгерді және бұл өзгерістердің қарқыны күн өткен сайын өсіп барады. Тек әлемдік валюта ретінде пайдаланылатын валютаның туындату және айналым тетіктері ғана өзгермей қалып отыр, оның жаңару қарқыны әлемнің өзгеру қарқынынан апаттық жағдайда қалып қойған. Яғни әлемдік валюта жүйесі әлдеқашан және қайтпастай болып ескірген, мұны жаһандық әлемдік дағдарыс та қуаттайды.
Жаңа әлемдік валюта жүйесінің бүкіл тетіктері ғасырдың, әлемнің және адамзаттың алда болатын сынақтарын озық мониторингтеудің арнаулы негізінің жүйесінде және жоғарыда аталған қарапайым жеті қағидаттың негізінде құрылуы тиіс. Тек осылай ғана әлемдік валютаның жаңа жүйесі әрдайым заманауи және ақаусыз бола алады, жаһандық әлемдік дағдарыстардың емес, әлемнің тұрақты дамуы мен бүкіл адамзаттың өркендеуінің же¬місті бастауы бола алады.
Біз қайдан келеміз және қайда барамыз
Алдымен осы кезге дейін Ескі дүниенің моторы және жан-жүрегі жаһандық жеті есе генетикалық ақауы бар әлемдік валютаға негізделген әлемдік капитал болып келгенін еске салып өтейік.
Бұл әлемді әдет бойынша біз әлемдік капитализм дейміз. Ақаулы валютаға негізделген жаңағы ақаулы капиталды шынайы атымен, мәселен “дефектал” деп атау дұрысырақ әрі адалырақ болатынын түсінсек те әлемдік капитализм деп келеміз.
Жуырда бүкіл әлем бойынша жүздеген миллиардерлер санаулы айлардың ішінде олардың бүкіл “ақаулы капиталы” кенеттен бірқыдыру дерлік құлап түскенде өздерінің қиялдағы капиталдарының бүкіл нақты ақаулығын іс жүзінде бастан кешірді. Енді олардың өздері де бұл нағыз “дефектал” екенін айқын көріп отыр.
Алдағы Жаңа әлемнің даму моторы мен жан-жүрегі басқа бір түбегейлі жаңа әлемдік капитал болады. Дәлірек айтсақ – жаңа ақаусыз әлемдік валютаға негізделген өздігінен өсуші әлемдік байлық болады. Осынау түбегейлі жаңа әлемдік байлықты анықтау үшін басқа бір, әлдеқайда баламалы белгіні тапқан дұрыс болар еді.
Ертедегі гректер дамудың жоғары кезеңін “акме” деген әдемі сөзбен белгілепті. Біздің ұрпақтарымыз бір кездері осынау жаңа ақаусыз және жоғары “ендігі жерде капитал емеске” дұрыс атау таңдап алатын болады.
Бірақ та қазірдің өзінде өз бойына осынау жоғары сапаны – “акмені” қамти алатыны түсінікті: мәселен, акме-капитал, немесе – “акметал”. Сол кезде мұндай түбегейлі жаңа әлемдік “акметал” қозғалысқа келтіретін түбегейлі Жаңа әлемнің осынау болашақ укладын ендігі жерде капитализм деп емес, “акметализм” деп атау дұрыс болар еді.
Болашақ әлемнің жаңа даму кезеңі үшін жаңа белгінің енгізілуімен байланысты мұндай кәдуілгі емес көзқарас бізге оның басталуына жақсырақ әзірленудің, әлемді болашақ жаңартудың шынайы мәні неде екенін тереңірек айқындап түсінудің іс жүзіндегі мүмкіндігін береді. Ең бастысы біздің қолымызға жаңаруымыз бен жүруіміздің жаңа құралын береді, сол арқылы біз Жаңа әлемде сенімді әрекет ету үшін оны іс жүзінде анықтап, тани аламыз.
Біз болашаққа не арқылы өтеміз
Жаңа әлемнің біз енді ғана қадам басқан өсу кезеңінің жаңа қасиетін айқындайтын шешуші сөз ретінде “транзит” сөзін алуға әбден болады. Онда ішінара ақаусыз әлемдік валютаға негізделген транзиттік әлемдік байлықтың осынау жаңа түрін біз әзірше “акметал” деп емес, “транзитал” деуімізге келеді.
Соған сәйкес транзит уақыты укладының өзін әзірше “акметализм” деп емес, жаңа тұрпаттағы жаңа сападағы әлемдік қаржы инфрақұрылымымен бірге “транзитализм” деп белгілеуге болар еді. Бұл транзиттің басты міндеті мен миссиясы – бүкіл әлемнің ескі жеті есе залалды валютадан әлемдік акме-валютаның жаңа жеті есе ақаусыз жүйесіне экологиялық көшу үшін жағдай әзірлеу.
Ең бастысы – әлемдік салмақты өңірлік ұлтүстілік мемлекетаралық валюталық-есептік бірліктер үшін өңірлік және континенталдық Эмиссиялық орталықтар жүйесіне бөле отырып, бұл салмақты әлемдік валютаның ескі ақаулы жүйесінен алып тастау (немесе ең болмағанда қайта бөлу).
Өңірлік және континенталдық деңгейде тұтастай алғанда әлемдегі заңдар әрекет етеді. Ендігі жерде әлемде ешқандай да ұлттық валюта әлемдік валюта функцияларын тиімді алып жүре алмайтыны секілді өңірлік деңгейде де ешқандай ұлттық валюта ұлтүстілік мемлекетаралық эмиссиялық орталық эмитенттейтін ұлтүстілік мемлекетаралық валюталық-есептік бірлік беретіндей тиімділікті бере алмайды.
Айта кетейік, Қазақстан 2003 жылдың өзінде ЕурАзЭҚ аясында бірыңғай ұлтүстілік мемлекетаралық валюталық-есептік бірлік енгізудің бастамасын көтерген, ол кезде оны “алтын” деп атау ұсынылған.
Өңірлік ұлтүстілік мемлекетаралық есептік бірлікті әзірлеу мен құру үдерісі әлемде жүріп жатқалы бірнеше онжылдықтар өтті. Мұндағы алғашқы қарлығаш еуропалық валюталық-есептік бірлік экю (ecu – European Currency Unіt) болды, ол уақыт өте келе толық мәнді еуропалық ұлтүстілік валюта – еуроға айналды. Біз осындай үдерістер қазір барлық жерде – Азияда (acu – Asіan Currency Unіt), Парсы шығанағы ауданында (динара немесе, бәлкім, халиджи немесе джуман), Латын Америкасында (sucre есепті бірлігі бар ALBA ұйымы, испанша Sіstema Unіtarіo de Compensacіon Regіonal-дан) жүріп жатқанын байқап отырмыз.
Мұндай үрдіс Африка континентінде де дамып келеді, мұнда әлдеқашаннан бері афроны енгізуге әзірлік жүргізілуде.
Өңірлік валюталық интеграцияның осынау барлық үдерістері өз мәні жағынан бүкіл әлем бойынша өңірлік “транзитал” орталықтарын дамытудың маңызды кезеңдері болып табылады. Өңірлік ұлтүстілік есептік бірліктерді енгізуге әзірлік әлемнің түрлі өңірлерінде жаһандық әлемдік дағдарыс басталғаннан әлдеқашан бұрын өрістей түскен. Іс жүзінде бұл ұлтүстілік транзиттік валюталардың өңірлік эмиссиялық орталықтарын қалыптастыру негі¬зінде өңірлік-континенталдық “транзиталдың” даму ядроларын құрудың басталуы. Яғни біздің әлем өзінің жаһандық дағдарысқа енуінен әлдеқашан бұрын ұлтүс¬тілік транзиттік валюталардың өңір¬лік эмиссия орталықтарын қа¬лыптастыру жолымен өзін-өзі жаңартудың кезекті кезеңіне ойламаған жерден дайындалуда.
Капиталдың Нұх кемесі
Бұл әлемдегі өз ұстанымы мен өз жағдайын кез келген субъект және ескі “ақаулы” капиталға иелік етуші мынадай әсіре көзқарас көмегімен тез түсіне алады: бүгінде біздің бүкіл әлем жаһандық дағдарыстың бүкіләлемдік топан суына жайлап, бірақ тікелей батып барады. Ал “транзитал” – бұл жаһандық дағдарыстың бүкіләлемдік топан суынан активтерді құтқару үшін капиталдың өзіндік бір Нұх кемесі. Сондықтан баршаға өз активтерін дер кезінде “транзиталға” конвертациялауды ойластыру артық болмас еді.
Сол ғана, капиталдың осынау Нұх кемесі ғана активтерді құтқарып, оларды толық әрі сақталған күйінде “акметалдың” Жаңа дүниесіне жеткізе алады.
Қазақстан өңірлік және континенталдық интеграция бойынша өз әріптестерімен бірге (ТМД, ЕурАзЭҚ, ОАҚ және ШЫҰ) әлдеқашаннан бері ХХІ ғасырдың бірінші ширегінің жаһандық тренд арнасында – өңірлік интеграциялық бірлестіктер қалыптастырудың арнасында келеді. Олардың бәрі, алайда әрқилы әзірлік деңгейінде мемлекетаралық ұлтүстілік есептік-валюталық бірліктердің өз эмис¬сиялық орталықтары бар өңірлік транзитал аймағы болу мүмкіндігіне ие.
Қазақстан, әлбетте, ЕурАзЭҚ және ШЫҰ бойынша әріптестерімен бірге жаңа сападағы валютаның өңірлік эмиссиялық орталығын құру үшін біртіндеп қолайлы жағдайлар жасауға әзір, бұл валюта өзіне Еуразиялық ұлтүстілік есептік бірлік қызметін ала алар еді, оны осынау сөз тіркесінің аббревиа¬турасы бойынша ЕҰЕБ деп атауға болар еді.
Мұндай бірлік өз эмитенттерінің ерекше де бірегей құрамы бойынша (ЕурАзЭҚ және ШЫҰ елдері және оларға жақын Үндістан мен Пәкстан) бір мезгілде еуроның еуропалық аймағы секілді ұлтүсті¬лік валюталық есептік бірліктің басқа да өңірлік аймақтарына тығыз да табиғи түрде қиылыса алар еді. Өңірдің айрықша географиялық қолайлы орналасуы өңірлік және континенталдық транзиталдардың мүдделерін дұрыс ескерген жағдайда болашақта, ЕҰЕБ негізінде бізді болашақ әлемдік “акме-валютаға” жақындататын континентаралық жаңа транзиттік валютаны жасау үшін объективті алғышарттар болған кезде бірегей мүмкіндіктер бере алар еді.
Алайда қазір, жаһандық әлемдік дағдарыс жағдайында, біз үшін бұл да мүлде жетімсіз. Өйткені өңірлік-континенталдық Транзит орталықтарының бүкіләлемдік желісін (өзіне ескі әлемдік валютаның ақаулы жүйесінің салмағын алатын) қалыптастырумен қатар әлемнің барлық лидерлері бүкіл әлемді жаңа әлемдік акме-валютаның жаңа ақаусыз жүйесіне болашақ көшіруге қатарласқан әзірлікті жүргізуі тиіс, әлемдік жаңа валюта болашақ “акметализмнің” ядросы мен жан-жүрегіне айналады.
Түбегейлі жаңару жоспары (ТЖЖ)
Біздің Транзит әлемінде осынау тарихи көшуге әзірлікке сондайлық та көп уақыт және ресурстар қалған жоқ. Капиталдардың – “транзиталдың” жаңа Нұх кемесін жобалау мен құруды кеше бастау керек еді. Егер әлемнің барлық лидерлері бүгіннің өзінде бүкіл әлемді “транзитализмнің” ішінара ақаулы дәуірінен “акметализмнің” болашақ әлеміне іс жүзінде көшіруді бастамаса, онда тұрақты даму мен өркендеу туралы мәселе ондаған жылдарға кейінге қалуы мүмкін.
Бұл мәселелер барлық аса ірі саяси және экономикалық органдардың, саммиттер мен әлемдік форумдардың – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің, БҰҰ арнаулы сессиясының, “үлкен сегіздіктің” (G8), “үлкен жиырмалықтың” (G20), Давостағы Бүкіләлемдік экономикалық форумның және басқаларының күн тәртібіне кіруі тиіс.
Бұл мәселені практикалық шешуді бастау үшін түбегейлі жаңартудың нақты жоспарын қалыптастыру керек, оның негізіне жоғарыда келтірілген барлық көзқарастар алына алар еді. Ешқандай органдар, ұйымдар немесе саммиттер, егер олар түбегейлі жаңарту жоспарын әзірлемесе және іске асырмаса, жемісті әрі тиімді деп санала алмайтынын түсіну керек. Және ескі әлемдік “дефекталдан” жаңа әлемдік “транзиталға” көшу секілді осынау жаңарту ХХІ ғасырдың бірінші ширегінің жаһандық тренді болуы тиіс.
Бұл ретте кез келген деңгейдегі және өңірдегі субъектінің, тұтастай алғанда әлемнің осындай Жаңару жоспары егер онда әлемдік (сондай-ақ өңірлік) валютаның ескі ахуалды жүйесінен жаңа тұрақты және тиімді транзиттік валютаға көшудің шешуші тармақтары жоқ болса, тиімді бола алмайды.
Ол сондай-ақ ескі тұрлаусыз және ақаулы валютаны “транзиталдың” жаңа жүйесіне, ұлтүстілік өңірлік транзиттік валюталардың өңірлік эмиссиялық орталықтарын құру мен дамыту сценарийлеріне конвертациялаудың шешуші технологияларын ұсынуы тиіс. Жаңару жоспары, егер ол ұлттардың, халықтар мен елдердің ақаулы капи¬тализмнің ескі укладынан “транзитализмнің” жаңа укладына көшу жөнінде барлық шешуші саяси және барлық деңгейдегі әлеуметтік субъектілерге көмектесудің нақты шараларын көздемейтін болса, ол тиімді бола алмайды.
Жаһандық дағдарыс дәуірінде жоғарыда аталған әлемді талдауға, түсінуге және іс жүзінде өзін-өзі жаңартуға деген түбегейлі жаңа көзқарастар барлық деңгейлерде және түрлі органдарда мұндай мәселелерді біртұтас жүйелі, сындарлы және оң тұрғыда қою, талқылау және іс жүзінде шешу үшін бірыңғай негіз қызметін атқарады.
Осындай концептуалдық үлеспен қатар Қазақстан бұл мәселе¬лерді шешудің басқа да ең әрқилы ұйымдық формаларын ұсына алады.
Біз бүкіл әлем “транзиталының” өңірлік және континенталдық барлық орталықтары мен субъектілерінің күш-жігерін барынша жоғары деңгейде үйлестіру жөніндегі халықаралық форумдарды практикалық өткізуге қатысуға әзірміз. Біз бірлесіп өзіміз ең бастауында болып отырған әлемдік “транзитализмнің” табысты да дер уақытында аяқталу кезеңінің жаһандық және қолданбалы сценарийлерін және “акметализмнің” болашақ әлеміне іс жүзінде көшу траекториясының есептерін зерттеу және жобалау жөніндегі жұмыстарды жүргізе аламыз.
ЕурАзЭҚ және ШЫҰ елдері Еуразиялық транзит орталығын құра отырып, Еуразияда, басқа континенттерде ғана емес, сонымен бірге бүкіл әлемде транзиттік валюталар мен “транзиталды” табысты дамытудың бастамашылары бола алар еді. ТЖЖ-ның жаһандық бастамасын бірлесе ұсынып және халықаралық, әлемдік және бүкіләлемдік органдарда, ұйымдар мен форумдарда ілгерілетуді, мәселен, ЕурАзЭҚ елдері, бәлкім, ШЫҰ елдері де жүзеге асыра алар еді.
Осы жылғы қаңтардың басында Парижде “Жаңа Әлем, Жаңа Капитализм” саммитінде Еуроодақ¬тың лидерлері осыған ұқсас проблемаларды, алайда басқаша категорияларда талқылағаны белгілі.
Неліктен бізге ТЖЖ бастамаларын әлемдік талқылау мен ілгерілету мүмкіндіктерін ЕурАзЭҚ, ШЫҰ және ЕО құрамындағы үштік күшімен қарастырмасқа? Парижде өткен пікірталас материалдары бойынша, сондай-ақ басқа елдердегі осындай форумдарда тақырыпты талқылаулар бойынша ой түйсек, біз бәріміз түрлі континенттерде бола отырып, шамамен бір тілде және бір проблемалар туралы айтып жатамыз.
Жаңарудың бірегей тәжірибесі
Өсе түскен жаһандық дағдарыс әр ай және күндер өткен сайын біздің алдымыздан өзін-өзі жаңартудың барған сайын бірегей де таңғажайып мүмкіндіктерін ашып, осынау аса сирек мүмкіндіктерді іс жүзіне асыруға барған сайын аз уақыт қалдыруда.
Бұрын біздің әлемнің ешқашан өз болашағын іс жүзіне асыру се¬кілді өзін-өзі жаңарту үдерісінің мұндай қайталанбас мүмкіндіктері болған емес.
Өңірлік интеграциялық бірлестіктердің жаһандық дағдарысты еңсерудегі мүмкіндіктері туралы айтқанда біздің осы алаңдағы жұмыстан және тиімділік үшін жауапкершіліктен өзіміздің ұлттық үкіметтерімізді босатуға құқымыз жоқ екендігі сөзсіз. ТМД елдері соң¬ғы 20 жылда транзит пен жаңа¬рудың бірегей тәжірибесін жинақтады, мұндай тәжірибе әлемнің басқа ешқандай мемлекетінде жоқ. Олар өздерінің бұрынғы “дағдарыстық тәжірибесін”, анығырақ айтқанда, дағдарысқа қарсы басқару тәжірибесін толық пайдалануы тиіс. Барлық жаңа тәуелсіз мемлекеттер секілді Қазақстан да аса қиын кезеңдерді талай рет еңсерді. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін біз іс жүзінде жаңару қиындықтарын бастан кештік, күрделі де қиын реформалардан өттік. Ол кезде шешілуі мүмкін емес көрінген міндеттер шешілді. Сөйтіп біз жеңіп шықтық. Қазір тағы да жеңіп шығу үшін неге соны қайта істемеске?
Оның үстіне қазір бұл үшін үлкен ресурстар мен мүмкіндіктер бар. Бұдан он жылдан астам бұрын біз шикізат экспортынан түскен табыстардың елеулі бөлігін жинақтай отырып, арнаулы резервтік Ұлттық қор жасақтауды бастадық. Ол адами өлшемдерді дамыту, болашақ ұрпақтар үшін қорлану үшін де, сол секілді дағдарыстар бола қалса, тұрақтандырушы қызметін атқару үшін де құрылған болатын. Қазіргі уақытта ол негізгі экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруды айтарлықтай тұрлаулы серпінде ұстап тұруға мүмкіндік беріп, толық мәнінде жұмыс істеуде.
Осы заманғы жаһандық проблемаларды жалғыз жүріп шешу өте қиынға түсетіні, тіпті мүмкін болмайтыны айдан анық. Сондықтан да біз жаһандық та, сондай-ақ өңірлік те интеграцияның жақтаушысы болып табыламыз. Және бұл біздің дағдарысқа қарсы шараларымыздың басым бағыттарының бірі.
Нақ сондықтан да біз қазір түбегейлі жаңару жоспарларын жаһандық, өңірлік және басқа барлық деңгейлерде әзірлеу жөніндегі бастаманы іс жүзінде толымды ету тұрғысында жұмыс істеудеміз.
Бұл бүкіл әлемге транзит кезеңінен тезірек және тиімдірек өтуге мүмкіндік береді. Және бұл ретте адамзат үшін болмай қоймайтын “акметализмнің”, тіпті, сайып келгенде, оның қалай аталатынына қарамастан, Жаңа әлеміне аяқ басуға сай келетін әзірлікті бастауға мүмкіндік береді.
Бұл кімге керек және кімге тиімді
ТЖЖ-ның жаһандық бастамасы негізінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Үшінші мыңжылдықтың күн тәртібін қайта қарау және елеулі түзету жөніндегі жұмысты бастауына болар еді. Бұл әлем мен адамзаттың ескі әлемдік “дефектализм” укладынан “транзитализмнің” жаңа уклады арқылы “акметализмнің” түбегейлі жаңа укладына дер уақытында және сапалы көшуін қамтамасыз етудің мүддесі тұрғысынан айрықша маңызды.
ТЖЖ баршаға дағдарыстан шығу жолындағы іс жүзіндегі навигатор ретінде төтенше қажет. Мұндай жоспарлау әлемдік дамудың барлық субъектілеріне – елдерге, трансұлттық корпорациялар мен халықаралық ұйымдарға – өзінің тиімді өзін-өзі жаңартуын жоспарлау мен іске асыру үшін қажет. Мұны нақты экономиканың барлық субъектілері де – мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындар, фирмалар мен ұйымдар жаңа әлемдік транзиттік валютаға негізделген әлемдік “транзиталдың” қағидаттарын іс жүзінде игеру үшін қажет етеді.
Транзит әлеміне ғылым мен өнеркәсіпте ғана емес, сонымен бірге әлемдік қаржы және валюта саласында түбегейлі инновациялар талап етіледі. ТЖЖ әлемдік валюта-қаржы жүйесінің барлық субъектілеріне жаңа әлемдік валюта-қаржы инфрақұрылымы мен архитектурасын инновациялық дамыту жөніндегі күш-жігерді үйлестірудің практикалық құралын береді.
ТЖЖ елдер мен халықтарды жақындастырып, оларды өркендеудің ортақ мүдделері негізінде топтастыра алады, қауіпсіз әлемнің жаңа тетіктерін құруға жәрдемдесетін болады. Ақаулығы аз жаңа әлемдік валютаға құрылған берік қаржы-экономикалық іргетас оның негізі болады.
Әлемнің жаңа шешуші рыногы
Міне, жарты жыл дерліктей барлық калибрдегі, деңгей мен сападағы аса ірі әлемдік субъектілер дағдарыстан шығудың түрлі дауасын іздеп, тұжырымдауға тырысуда. Олардың күш-жігерімен жаңа жаһандық, алайда өте ерекше рынок қалыптасып қалды. Бұл әлемдік дағдарыстан шығудың жаһандық дауалары мен жоспарларының рыногы, дағдарыстан шығу “кілттерінің” рыногы. Ондағы сұраныс әзірге ұсыныстан әлдеқайда артық. Онда екі сектор – кең де тар секторлар айқын қалыптасқан.
Бірінші, кеңі – бұл әлемдік валюта-қаржы жүйесін атүсті, косметикалық жөндеудің шешімдері мен дауаларының секторы. Екінші, тары – бұл біздің әлемнің терең генетикалық ақауларын түбегейлі емдеу мен түзетудің жаһандық дауалар секторы. Біз ұсынған түбегейлі жаңару жоспары – бұл жаһандық әлемдік ақауды түбегейлі емдеудің нақ сол жаһандық дауасы. ТЖЖ – бұл екінші, әлемдік “кілттер” рыногының тар секторының жаңа тауары.
Сөйтіп, түбегейлі жаңару бағдарламасы, бәлкім, әлемдік дағдарыс біздің алдымызға қойып отырған түбегейлі жаңару проблемасын шешудің алғашқы жаһандық кілті болар. Егер қалыптасу үстіндегі әлемдік “транзитал” – бұл шын мәнінде капиталдың Нұх кемесі болса, онда біз ұсынған ТЖЖ – бұл жаңа Нұх кемесін жасау жоспарының алғашқы нұсқасы. Ал егер Еуразиялық “транзитал” орталығы құрылатын болса, ол осынау құтқарушы құрылыстың алғашқы орталығы болуы әбден мүмкін.
Мұндай көзқарас бүкіл әлемге барынша тиімді. Біз жаһандық әлемдік дағдарысқа бүкіл әлем болып кірдік және дағдарыстан шығудың осынау жаһандық кілтін бұрауды да біз бүкіл әлем болып қана істей аламыз.
Бәрі де бізге байланысты.
(«Егемен Қазақстан», 2009 жылғы 3 ақпан)

0

2

еба койш шыкпаяк кояйыкшы окыгым келмид мынанын барин   :rofl:  :rofl:

0

3

Alibi написал(а):

еба койш шыкпаяк кояйыкшы окыгым келмид мынанын барин

Хехе :rofl: !!!
Өөй, окымак ко, өтірік босын кризис жайлы бір статья босын дегенім гооооо!!!!!!

0

4

:rofl:  :rofl:    жалпы кризис асер етип жатыр !!!!! баягыша соткалар жок жынды жынды казир мына 5000тг соткасы устап жургенимиз кобинде осындай жагдай !!!

0

5

Alibi написал(а):

жалпы кризис асер етип жатыр !!!!! баягыша соткалар жок жынды жынды казир мына 5000тг соткасы устап жургенимиз кобинде осындай жагдай !!!

Туууу, айтпа, курсын, зб кризис деген, жаман әсер етіп жур!!!!!!!! :rofl:

0

6

ал осы кризисти колдан жасаган деген шын ба?

0

7

Kojalak bala

нунуу шын арине !!!! барине айтсам ешким сенбей жур ед адамдар !!! Бир кланнын истеп откан исиго !!! Олар кризисти колына устап отыр кашан жибергиси келеди сол кезде кризис кетеди !!!! женип шыгу мумкин емес буны !!!

0

8

Кулактарын бурайтын екен!!! :mad:

0

9

Kojalak bala написал(а):

Кулактарын бурайтын екен!!!

300 КОМИТЕТ  атты клан !!! Булар сонау Сталиннин кезинен келе жаткан клан екен !!!

0


Вы здесь » \"Бейнеу Жастар\" форумы » Әлем жаналыктары » Дагдарыстан шыгу кілті!!! (Бале болган кризис,блин)